Шымкент қаласының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында ҚК-нің 106-бабының 1-бөлігімен (денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтiру) айыпталған А.-ға қатысты қылмыстық іс қаралды.
Прокурор басты сот талқылауында айыптауды ҚК-нің 114-бабының 3-бөлігіне (абайсызда жәбірленушінің денсаулығына ауыр зиян келтіру) ауыстырған.
Сотталушы А. 2025 жылғы 12 маусымында Шымкент қаласының «Бекжан» аялдамасында №52 автобустан жол ақысын төлемей түсіп бара жатқан сәтте, оған автобус жүргізушісі, яғни жәбірленуші Ж.-нің жол ақысын төлеуді айтқан, сотталушы осы сөздерге ашуланып, жол ақысын төлеп, әрі қарай жәбірленушіге балағат сөз сөйлеп, сыртта сөйлесуге шақырған. Содан, жәбірленуші автобустан түсіп, аялдамада сотталушымен сөйлесуге шыққан кезде, соңғы жәбірленушінің сол жақ тұсынан соққы жасап, абайсызда жәбірленушінің денсаулығына ауыр зиян келтірген.
Сотталушының кінәсі, жәбірленушінің жауаптарымен, сараптамалардың тұжырымдарымен және басқа да іс бойынша жинақталған дәлелдемелердің жиынтығымен толық дәлелденеді. Прокурор сотталушыны ҚК-нің 114-бабының 3-бөлігімен кінәлі деп танып, ҚК-нiң 68-бабының 1-бөлігіне сәйкес, сотталушы мен жәбірленуші татуласуына байланысты, сотталушыны қылмыстық жауапкершіліктен босатылып, қылмыстық істі тоқтатуды сұрады. Жәбірленуші мен сотталушы прокурордың осы ұстанымымен келісті.
Сот, сотталушы А.-ны ҚК-нің 114-бабының 3-бөлігімен кінәлі деп танып, ҚК-нiң 68-бабы 1-бөлігі қолданып, оны жәбірленушімен татуласып, келтірілген зиянды қалпына келтіруіне байланысты қылмыстық жауапкершіліктен босатып, оған қатысты қылмыстық іс тоқтатылды. Үкім заңды күшіне енбеген.







