Шымкентте 18 жастағы қыз 5-қабаттан секіріп кетті

161

Шымкентте 2004 жылы туған бойжеткен 5-ші қабаттан секіріп, дүкен ғимаратының қалқасына құлап кетті.

Күні кеше сағат 00:22-де Шымкент қаласы Төтенше жағдайлар департаменті «Құтқару жұмыстары қызметінің» «112» пультіне жедел жәрдем қызметінен хабарлама келіп түсті.

Хабарламада Қ. Рысқұлбеков пен Ғ. Ильяев көшелерінің қиылысында қыздың 5-қабаттан секіргені айтылған. Бұған дейін бұл отбасылық жанжал кезінде өз-өзіне қол жұмсау әрекеті болған. Қыз дүкен ғимаратының қалқасына құлап түскен, құтқарушылардың көмегі қажет болды.

Оқиға орнына жеткен құтқарушылар альпинистік құралдың көмегімен зембілмен зардап шегушіні төмен түсірді.

Барлық мән-жайды полиция анықтау үстінде.