Соңғы үш жылда берілген тұрғын үйлер тексерілмек

78

Қазақстанда соңғы 3 жылда берілген көп пәтерлі және жеке тұрғын үйлердің барлығы тексерілістен өтеді. Деректерді тексеру шарасы 2022 жылдың сәуір айына дейін жалғасады. Бұл туралы ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі айтты.

«Мемлекет басшысының тапсырмасы аясында ҚР ИИДМ пайдалануға берілген көп пәтерлі және жеке тұрғын үйлердің барлығын тексеруді жоспарлап отыр. Ақпан айының соңына дейін әкімдіктер тиісті объектілердің тізімін жасайды. Наурыз айының соңына дейін статистика және әділет органдарының деректер базасымен салыстырып тексеру жүргізіледі»,-деді ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Қайырбек Өскенбаев.

ҚР ИИДМ басшысының айтуынша, деректер сәйкес келмеген жағдайда ведомство тиісті ұсынымдар әзірлеп, шешім қабылдайды.

                                                                                              Мөлдір Ибадуллаева