Түркістан: Биыл 10 мыңға жуық отбасы баспаналы болады

149

Биыл Түркістан облысында 823,8 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілген. Өткен жылдың соңында Түркістанда 14 көпқабатты тұрғын үй «Отбасы банк» арқылы және көпқабатты 3 тұрғын үй «7-20-25» бағдарламасы арқылы тұрғындарға ұсынылған.

2021 жылы 610 отбасы, оның ішінде 470 көпбалалы ана баспаналы болған. Қазіргі таңда өңірде 220 үй салынып жатыр. Тұрғын үйлердің құрылысы қала әкімінің жіті бақылауында.

Айта кетейік, бүгінде Түркістан облысы бойынша баспанаға мұқтаж азаматтар кезегінде 45 мыңнан астам азамат тіркелген.

 Гүлдана Дәурен