Жүргізушілер бағдаршам үшін төбелесіп қалды

73

Түркістан қалалық ПБ-ның кезекші бөліміне облыс орталығының қиылыстарының бірінде төбелес болғаны туралы хабарлама келіп түсті. Оқиға орнына келгеннен кейін «Хюндай» және «БМВ» автокөліктерінің жүргізушілері арасында төбелес болғаны анықталды.

«Хюндай» жүргізушісі бағдаршамның көзі жанып-өшіп, белгі беріп жатқан кезде тоқтағаны белгілі болды. Ал бұл жағдай BMW жүргізушісінің наразылығын тудырған. Сол сәтте соңғысы «Хюндай» жүргізушісіне балағат сөздерді айта бастаған. «Хюндай» жүргізушісі бұған агрессивті түрде жауап беріп, көлігінен битаны (спорт құралы) алады. Осыдан кейін «Хюндай» жүргізушісі өз автокөлігімен «БМВ» көлігінің бамперіне соққы жасайды, ал қарсыласқан жүргізуші болса жауап ретінде «Хюндай» көлігіне материалдық шығын келтіреді.

Осы кезде төбелес болған жерге Түркістан қ. ПБ ЖПҚ патрульдік полиция қызметкерлері келіп, автокөлік иелерін ажыратты. Екі жүргізуші де одан әрі тергеу үшін полиция басқармасына жеткізілді.

Аталған жайт Түркістан қ.ПБ ҚР ҚК 293-бабы 1-бөлігі «бұзақылық» бойынша тіркелді. Сараптама тағайындалды. Оқиғаның барлық мән-жайы анықталуда. Сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.