Úı ANONS Шымкент: Төбелеске қатысқан бір адам жан сақтау бөлімінде жатыр

Шымкент: Төбелеске қатысқан бір адам жан сақтау бөлімінде жатыр

фото ӘМСҚБҚ

Кеше Шымкентте П.Ерімбетов пен Т.Рысқұлов көшелерінің қиылысында жол-көлік оқиғасы төбелеске ұласып, бір адам қайтыс болғаны туралы хабарлаған болатынбыз. Оқиғаға қатысқан бір науқастың бүгінде жағдайы өте ауыр. 

1990 жылы туған науқас ауыр жағдайда №1 қалалық клиникалық ауруханаға жеткізілген. Науқаста сол жақ кеуде қуысының енетін пышақ-кесілген жарақаты анықталып, шұғыл түрде операциялық ем жүргізілді. Қазіргі уақытта науқастың жағдайы ауыр, реанимация бөлімінде қарқынды ем қабылдап жатыр.

Еске сала кетсек, кеше Шымкентте төбелес кезінде бірнеше адам пышақталған. Жарақат алғандардың екеуі ауруханаға жатқызылды. Бір адам қайтыс болды. Шымкент полиция департаменті мұны растады. Қазіргі уақытта Шымкент полиция департаменті күдіктілердің жеке басын және қайда екенін анықтауда. Тергеу шаралары жүргізілуде.