Úı ANONS «Әулеттің» алдында әулетін ұятқа қалдырды

«Әулеттің» алдында әулетін ұятқа қалдырды

Фото: freepik.coм
Шымкент қаласының әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында М.-ға қатысты Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің (бұдан әрі – ӘҚБтК) 434-бабының 1-бөлігімен (ұсақ бұзақылық) әкімшілік құқық бұзушылық жасағаны үшін іс қаралды.
 
М. 2025 жылғы 22 қараша күне кешке Шымкент қаласындағы С.Жандосов көшесінде орналасқан «Әулет» мейрамханасының алдында, яғни қоғамдық орында төбелес шығарып, айналасындағы адамдардың ар-намыстарына тиіп, былапыт сөздер айтып, сыйламаушылық білдірген.
 
Сотта М., өзінің кінәсін мойындап, қоғамдық орында балағат сөздер айтқандығын, соттан өзіне қатаң жаза тағайындамауды сұрады. М.-ның кінәсі өзінің мойындауымен қатар, хаттамамен және түсініктемелермен дәлелденеді.
Сот, анықталған мән жайларға сүйене отырып, жауаптылықты жеңілдететін мән-жай оның кінәсін мойындағанын, өкінгенін бұрын осы тектес баппен жауаптылыққа тартылмағандығын, ал жауаптылықты ауырлататын мән-жайлар сотпен анықталмағандығын ескеріп, М.-ды ӘҚБтК-нің 434-бабының 1-бөлігімен кінәлі деп танып, оған 78 640 теңге айыппұл жазасын тағайындады. Сот қаулысы заңды күшіне енбеген.