Бұл бақытты жандар «Эврика» компаниясының «Жаңа жылдың жеті кереметі» акциясына қатысу мүмкіндігін жіберіп алмады және жап-жаңа Kia Rio X автокөліктерінің иегері атанды. Мұндай үлкен сыйлықтың иесі атанудың үшін бір ғана шарты болды. Ол Evrika дүкендерінің бірінен немесе интернеттен кем дегенде елу мың теңгеге құрал-жабдықты сатып алу.
Түркістан, Ұзынағаш, Жетісай, Арыс, Шу қалалары мен Төретам ауылының тұрғындары жеңімпаз атанды. Алмаз Сырлыбаев әлі күнге дейін өз көзіне өзі сенбей жүр. Ол ұлына жаңа жылға телефон сатып алып, жеңімпаз атанған.
Алмаз Сырлыбаев, «Жаңа жылдық 7 керемет» акциясының жеңімпазы: «10 қаңтар күні жұмыста болдым, телефоным кабинетімде еді, әріптестерім келіп, «Алмас тікелей эфирде, «Эврика» компаниясы сізді акцияның жеңімпазы деп жариялады, сізді іздеп жатыр» деді. Мен бұған дейін сенбедім, өйткені бұрын жеңіп көрмегенмін. Әсіресе көлік! Сосын туыстарыма айттым, менің отбасым көп балалы, көлік керек еді. Evrika компаниясына көп рақмет, тұтынушылары көбейе берсін».
Жеті бақытты жеңімпаз 10 ақпанда кездейсоқ таңдау бағдарламасы арқылы тікелей эфирде анықталды. Ұтыс ойынына қырық төрт мыңнан астам қазақстандық қатысты.
Наталья Кудрявцева, Evrika маркетинг жөніндегі директоры: «Мұнда біз ұтыс ойынын өткіздік, онда жеңімпаздар нақты анықталды. Біз бүгін көріп тұрғандарыңыздай әрбір жеңімпазды шақырдық. Негізгі ереже қоңырауға тікелей эфирде жауап беру болды. Біз әрбір жеңімпазға ең көбі үш рет қоңырау шалдық, бірақ кейбір кейбір жағдайларда қоңырауға бірінші реттен жауап ала алмай көліктерді бірнеше рет қайта ойнатуға тура келді».
Клиенттерін назардан тыс қалдырмау үшін Еврика бас жүлдеден басқа 340 (үш жүз қырық) бірліктен астам тұрмыстық техниканы табыс етті.
Әлипаша Хинизов, Шымкент қаласындағы «Эврика» дүкенінің директоры: «Биылғы акцияның барлық уақытында 44 000 сатып алушы қатысты. Біз жай ғана бас жүлделермен шектеліп қалмадық, сондықтан ұтыс ойынының қорытындысы бойынша біз жұбаныш жүлдесі ретінде 300 бірлік тұрмыстық техниканы да табыс еттік. Сіздерді тағы да ұтып алған көліктеріңізбен шын жүректен құттықтаймын!».
«Эврика» — оңтүстік өңірдегі тұрмыстық техника мен электроника нарығының көшбасшысы. Бағалы сыйлықтар ұтысы мұнда жылына екі рет өткізіледі. 8 наурыз қарсаңында да Evrika 3 күндік супер бағалар науқанын жариялады.