2022 жылғы 3 наурыз, кешкі сағат 17:00 шамасында Шымкенттен 35 шақырым жерде жол апаты болды. Бұл туралы оқиға орнынан «Отырар TV» телеарнасының «Шұғыл шақырылым» тілшілері хабарлады.
Оқиға Самара-Шымкент тасжолының 722 шақырымында болған. KIA Carnival маркалы автокөлік жүргізушісі IVECO маркалы жүк көлігін басып озбақ болып, ара қашықтықты дұрыс есептей алмай, жүк көлігінің артқы жағынан соққан.
Көкөніс тиелген KIA көлігінің 30 жастағы жүргізушісі ауыр жарақаттанып, ауруханаға жеткізілді. Жанындағы жолаушы оқиға орнында көз жұмды. Екеуі де Мақтаарал ауданының тұрғындары. IVECO жүргізушісі аман. Жүк көлігі Өзбекстан Республикасында тіркелген.