Министр: Бензин арзандамайды

105
фото forexrating.net

Энергетика министрі Болат Ақшолақов  Қазақстанда  бензин арзандамайтынын айтты. Оның пайымдауынша, бүгінгі геосаяси жағдайға сүйенсек, Ресейдің мұнай өнімдері арзан болуы мүмкін. Десек те, олар қымбат.

Себебі, Қазақстан мен Ресейдің бағалары арасында өте үлкен алшақтық бар. Қазір ресейлік өнім біздікінен арзан болып, нарықты толтырып жатқаны  байқалмайды. Жаңа акциз қолданылғандықтан, баға көтерілмейді. Бірақ оның арзандауы да екіталай. Қазір 92 маркалы бензин 182 теңге, АИ-95 230, ал дизель 215 теңге тұрады. Бұл бағалар әлі де сақталып тұр,- деді Ақшолақов.

Бұл ретте ол Қазақстандағы бензин бағасы әлемдегі ең төмен бағалардың қатарында екенін атап өтті.

Шынар Оразова