Түркістан: Су тасқынына қарсы дайындық жұмыстары жүргізілуде

48

Түркістан облысы аумағында су тасқыны бойынша жағдай бір қалыпты, тұрақты бақылауда. Бұл туралы Төтенше жағдайлар департаменті бастығының орынбасары Ерік Сарыбаев хабарлады.

Айтуынша, өңірде су тасқынының алдын алу мақсатында 1200 шақырымнан астам 680 арық, канал қоқыстан тазартылды. 61500 дана қап, 482 тонна инертті материал әзірленген.

Тасқын суды қауіпсіз өткізу мақсатында 21 ақпан мен 20 наурыз аралығында арнайы жоспар бекітіліп, тиісті жұмыстар атқарылуда. Су қоймалары мен өзендердің су режиміне күнделікті мониторинг жүргізіліп жатыр.

Ерік Сарыбаев, Түркістан облысы ТЖД бастығының орынбасары: «Біздің облысымызға тән құбылыс – бұл 1 күнде 1 айлық норма жаңбырдың түсуі. Осыған байланысты арқаны кеңге салуға болмайды. Күнделікті дайындықта болуымыз керек. Сонымен қатар, біз енді төтенше жағдайлар департаменті ҚазГидрометтің болжамына сәйкес біз дауылды ескертуді беріп отырамыз. Сонымен қатар, аудандық әкімдіктерге атқарылуы тиіс іс-шараларды да жіберіп отырамыз».

Әлихан Файзханов