Ұлттық Банк төлем жүйелерінің реестрін жаңартты. Қазір ел аумағында оның 19-ы жұмыс істейді. Әсіресе, банкаралық ақша аудару жүйесі белсенді қолданыста.
Ол арқылы валюта мен бағалы қағаздар нарығына қатысушылардың, банк секторының және мемлекеттік бюджет төлемдерінің 91%-тен астамы төленеді. Жүйе жұмысын қазақстандық банкаралық есеп айырысу орталығы қамтамасыз етеді.
Ал банкаралық клиринг жүйесі арқылы бөлшек төлемдердің 50 пайыздан астамына қызмет көрсетіледі. Visa мен Mastercard және «Золотая корона» сынды халықаралық төлем жүйелері де маңыздылар санатында. Қалған 14-і өзге төлем жүйелеріне жатқызылады.
Шынар Оразова