Автобөлшек бағасы қымбаттаған

201

Қала тұрғындары автобөлшектердің қымбаттағанын айтып, шағымдануда. Ал автомобиль бөлшектерін сатумен айналысатын дүкен иелері бағаны ұстап тұру олардың қолында емес екенін айтады. Ал автосарапшылар мәселе жақын арада шешімін табуы мүмкін дейді.

Автобөлшектердің бағасы қымбаттады. Қала тұрғындары осылай деп дабыл қағуда. Сөздерінше, бөлшектердің бағасы бұрынғыдан бірнеше есеге өскен. Онсыз да азық түліктің күн санап қымбаттауынан секем алып отырған тұрғындар, темір тұлпар бөлшектері бағасының шарықтауы қалтаға қосымша салмақ дейді.

“Өте қымбат қой қазір запчасть,қалтаға тиімсіз”,
“Қазір барлығы қымбаттады ғой, автобөлшектің бағасы да өсіп кетті. Бірақ көлігің бұзылған соң, амал жоқ, жөндейтін мамандардың айтқан заттарын қандай бағада болсын сатып алып келесің”,

“Көп қымбаттады ғой негізі. Әрине, қиындық туындатады ғой”.

Шымкентте көліктердің басым бөлігі азия елдерінен және ресейден келетін болғандықтан, дәл сол автомобильдердің бөлшектеріне сұраныс көп.

Сардор Ниязқұлов, автобөлшектер дүкенінің иесі:
“Сентябрьдің басында біз 190-дық аккумуляторларды 76мыңнан сатқанбыз. Қазір бұлар 91мың теңгеден тұр. Май қымбаттады шел майын 9 мыңнан сататын едік, қазір 11 жарым мың теңге болды. Антиржавчина дегендерді 600-700теңге еді, қазір 1000-1200тг болды”.

Қазақстанға автомобиль бөлшектері Ресей, Еуропа, Араб әмірліктері мен Қытай секілді бірнеше мемлекеттен келеді. Ал сауда доллармен жүретін болғандықтан, оның құны тұрақталмай бағаның арзандауы екіталай, дейді, мамандар.

Сардор Ниязқұлов, автобөлшектер дүкенінің иесі:
“Февраль кезінде 10-15 пайыз көтерілді. Қазір енді тоқтап тұр, әзірге. Адамдарға қиындау болып қалды. Енді біз өзіміз қымбат алғаннан кейін соған қарап, бағаны көтереміз. Бізге де, потребительдерге де қиын”.

Ал Автоэксперттер қазіргі таңда бағаның кем дегенде 20-30 пайызға өскенін айтады.

Қайрат Тергеусізов, Тәуелсіз Автобизнес одағының сарапшысы:
“Қазір теңге курсы күшейіп, баға қайтадан төмендеуі керек.Алайда автобөлшектердің бағасы дистрьюьитер компаниялардың бағалық саясатына өте тәуелді. Жалпы автобөлшектер тапшы кезінде олар жасанды түрде бағаны көтеретіні жағдайлар орыналып жатады. Негізгі проблема біздің елге тасымалдау жолдары жағынан болып тұр. Соның бірі Ресей. Олар өзінің нарығына сай өте үлкен контрактіге сай халық. Сол елден бізге тауар көп кіретін.Бірақ соңғы жағдайларға байланысты бізде проблема болып тұр”.

Кәсіпкерлер бұл мәселені шешудің амалын ойластыруда дейді автоэксперттер. Сөздерінше, жақын арада аталған мәселе шешімін табуы мүмкін.

                                   Гүлдана Дәурен