Биыл Шымкентте 7 жекеменшік клиника ашылады

104

Шымкентте медициналық мекемелердің материалдық-техникалық базасын нығайтуға бюджеттен 6,2 миллиард теңге жұмсалған. 2021 жылы үшінші мегаполисте 1 мемлекеттік және 4 жекеменшік клиника жұмысын бастады.

Биыл 7 жекеменшік клиника ашылады деп жоспарланып отыр. Бұл туралы қала әкімі Мұрат Әйтенов мәлімдеді.

Сөзінше, 2025 жылға дейін дәрігерлік амбулаториялардың орнына әр шағынаудан мен тұрғын алапта толыққанды емхана ашылып, қажетті заманауи медициналық құрал-жабдықпен қамтамасыз етіледі.

Сонымен қатар, 2023 жылы Бозарық елдімекенінен жеке инвестордың қаржысына 1 000 төсек-орынды аурухананың құрылысы басталып, 2025 жылға қарай іске қосылады.

Гүлдана Дәурен