Грузияда жүк тасымалына қатысты өткен конференцияға Қазақстан делегациясы қатысты

46

Қазақстан делегациясы «Қара және Каспий теңіздерінің порттары мен жүк тасымалы 2022» халықаралық конференциясына қатысты. Шара Қара теңіздің шығысындағы Поти қаласында өтті. Әлемдегі  геосаяси жағдайларға байланысты Каспий маршруты арқылы жүк тасымалын жүзеге асыру зор сұранысқа ие. Ал Қазақстан-Грузия арасындағы қарым-қатынас тек мәдениет  бағытында ғана емес, іскерлік мақсатта да қарқынды дамып келеді. Мысалы, екі елдің тауар айналымы былтыр 88 миллион АҚШ долларын құраса, соңғы екі айда бұл көрсеткіш 57%-ке өсті.

Азамат Асқарұлы, «Qaztrade» бас директоры:»Грузия – Қазақстан сауда қатынастары үшін өте маңызды мемлекет. Ол арқылы Оңтүстік Еуропа мен Түркияға шығатын экспорт ғана емес, Грузия арқылы бізге келетін импорт та зор маңызға ие. Келісілген декларация шеңберінде Қазақстан, Грузия, Әзербайжан және Түркия болып ортақ кәсіпорындар ашуды талқылап, жүк тасымалы дәлізін әрі қарай дамытуды көздеп отырмыз».