Із-түзсіз жоғалып кеткен әйелдің өлі денесі табылды

156
фото tolqyn.kz

Шымкент қаласында осыдан бірер күн алдын 45 жастағы әйел адам іс-түссіз жоғалып кеткен еді. Маңайдағы каналға түсіп кеткен болуы мүмкін деп топшылаған туыстары құзырлы мекемеге хабар беріп көмек сұараған. Өкінішке орай 11 сәуір күні қалалық төтенше жағдай департаменті қызметкерлері Жыланбұзған суару каналынан әйелдің өлі денесін  тапты.

Шымкентте із-түссіз жоғалып кеткен әйелдің өлі денесі табылды. Құтқарушылар мәйітті Жыланбұзғандағы суару каналынан тапқан. Марқұм 45 жаста болған. Еңбекші ауданына қарасты Жыланбұзған массивінің тұрғыны үйден мал іздеуге шығып кетіп, қайта оралмаған.

Мұхтар Нышанбаев, Шымкент қаласы ТЖД жедел-құтқару жасақтың бас құтқарушысы: «Оқиға орнына Шымкент қаласы ТЖД жедел құтқару жасағының 11 құтқарушысы мен 1 кинология есебінің тобы және 2 бірлік автокөлік жұмылдырылды.  Құқарушылармен 8-7 шақырым су беті тексерілді, 8250 шаршы метр су асты іздестірілу жұмыстары жүргізілді».

1977 жылғы азаматша 10 сәуір күні сағат 15:00-де үйден шығып кеткен. Жедел іздестіру жұмыстарының нәтижесінде құтқарушы-сүңгуірлер 11 сәуір күні сағат 12:15-те әйелдің денесін судан шығарып алған.

Нұрдәулет Нұржан, Шымкент қалалық  ПД Еңбекші АПБ тергеу бөлімінің тергеушісі: «Қазіргі таңда мәйіттің денесін қарау барысында дене жарақаттары анықталған жоқ. Сот медициналық сараптамасы тағайындалып, тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде.
-Туыстары суға түсіп кеткен деген екен, ондай болуы мүмкін бе?

— Ондай жағдай орын алуы мүмкін. Себебі аталған жергілікті тұрғын ауруханада эпилепсия ауруы бойынша есепте тұрған және өзінің тұрғын үйінен көп жағдайда сыртқа шықпауға тырысқан».

Оқиға орнына төтенше жағдай департаменті жедел-құтқару жасағының 11 және полицияның 32 қызметкері мен бірнеше техника жұмылдырылған. Сонымен қатар, 30-ға жуық еріктілер із түссіз кеткен тұрғында іздеуге көмектескен. Жауапты мамандар, қала тұрғындарынан су жағасында және басқа да қауіпті аймақтарда абай болуды сұрайды.

Гүлдана Дәурен