Қайнарбұлаққа табиғи газ қашан жеткізіледі?

172

Бұл туралы қала әкімі Мұрат Әйтенов ауданға қарасты 9 шағын аудан тұрғындарымен болған есепті кездесуде мәлім етті.
Жиынға Тассай, Азат, Мәртөбе, Таскен, Мирас, Қайтпас, Нұртас, Тұран және Нұрсәт шағын аудандарынан келген 500 ден астам тұрғын мен қала мәслихатының депутаттары, қоғамдық кеңес мүшелері, басқарма басшылары, БАҚ өкілдері қатысты.
Екі жылда Қайнарбұлақ, Тассай тұрғын алаптары мен Асар-2, Достық, Тұран шағын аудандары және Сайрам аумағы ауыз су, сапалы электр жарығы, табиғи газбен толық қамтылады. Осылайша, аудан аумағындағы инфрақұрылым жүйелерінің мәселесі 2023 жылдың соңында толық шешімін табады. Сонымен бірге ауданда 2025 жылға дейін ұзындығы 441,2 шақырымды құрайтын 466 көше асфальттанады.

Қалалық мәслихаттың хатшысы Бахадыр Нарымбетов жүргізіп отырған есепті жиын қала әкімдігінің ресми әлеуметтік желідегі instagram парақшасында тікелей эфир арқылы да көрсетілді.