Қант тапшылығы болмайды

72

Алматы облысында қант тапшылығы болмайды.Көксу ауданындағы кәсіпорын екінші жыл қатарынан қамыс құрағынан қант өндіруге кірісті. Қант қызылшасы жиналғанда ғана жұмысын бастайтын зауыт Мексика мен Бразилиядан әкелінетін шиказатты өндіргелі жыл бойы тоқтамай істейтін болды. Биыл 50 мың тонна қамыс құрағынан шекер шығарып, өңірдің және еліміздің сұранысын қанағаттандырмақ.

Қазір зауытқа 7 мың тонна шикізат келді. Оның 3 мың тоннасы өндіріліп, ақ қант нарыққа шығарылды. Қамыс құрағы кәсіпорындағы 320 адамның тұрақты жұмыс істеуіне сеп болып отыр. Мұның сыртында Алматы облысындағы жүздеген шаруа қожалығы қант қызылшасын сеуіп, көктемгі дала жұмыстарына қызу кірісті.Биыл қант қызылшасы себілетін жер көлемі — 6,2 мың гектар ғана. Алқап азайғанымен қант өндірісі азаймайды. Ақсу қант зауыты биыл толығымен осы қамыс құрағына көшеді деп жоспарланып отыр.

Шынар Оразоаа