Түркістан: Медициналық бақылау департаментінің өкілі «пара алды» деген күдікке ілінді

91

Түркістан облысының Медициналық және фармацевтикалық бақылау департаментінің лауазымды тұлғасы пара алды деген күдікке ілінді.

Бұл туралы ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі хабарлады.

Қазіргі таңда оған қатысты «делдалдар арқылы жүйелі негізде медициналық қызметке лицензия бергені үшін жеке медициналық орталықтардың өкілдерінен 800 мың теңге сомасында пара алу» фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Күдіктілер Қылмыстық процестік кодекстің 128-бабы бойынша ұсталған.

                                                                             Гүлдана Дәурен