Атыраудың су жеткізуші бас кәсіпорны тұтынушыларға 359 млн. теңгені кері қайтаратын болды.
Мекеме сумен жабдықтау және су бұру бойынша бектітілген аударымдарды мақсатсыз пайдаланып келген. Осыған байланысты, «Атырау облысы су арнасы» үшін уақытша өтемдік тариф бекітіліп, тұрғындарға артық төленген ақшалары қайтарылады.
Өтемдік тариф Атырау қаласы мен Мақат ауданында қолданылады. Сонымен қатар, кәсіпорынға «Табиғи монополиялар туралы заңнаманы бұзу» бабымен айыппұл салынды.
Шынар Оразова