Үш тілді жетік меңгерген жаңашыл ұстаз

69

Эльмира Абылқасымова 2015 жылдан бері Шымкент қаласындағы №89 ІТ мектеп-лицейінде математика және ағылшын тілі пәнінің мұғалімі болып қызмет етеді. Бүгінде ол физика-математика ғылымдарының кандидаты, педагог-сарапшы, гуманитарлық ғылымының магистрі.

Білікті маман аталған білім мекемесінде директордың инновация ісі жөніндегі орынбасары лауазымын абыроймен атқарып келеді.

Эльмира Абылайқызы білім саласындағы кез келген жаңа бағдарламаны қысқа мерзімде меңгеретін қабілетімен ерекшеленеді. Ол математиканы ана тілі мен бірге орыс және ағылшын тілдерінде де еркін оқыта алады. Шығармашылығы шарықтаған білікті маманың авторлық қолданбасы үш тілде жарық көрген.

2020 жылы ұстаздың авторлық бағдарламасы «Жаңартылған білім беру мазмұнындағы жалпы ағылшын тілі» әдістемелік құралын бүгінде жас мамандар кеңінен қолданып отыр.

Білім нәрімен сусындағағн шәкірттері оқ бойы озық болып, бас бәйгеде еншілеп келеді. Ол өзінің №89 мектептегі еңбек жолында 29 олимпиада жеңімпазын дайындаған. Оның 12-сі халықаралық, 12-сі республикалық.

Ұстаздың өзі сапалы білім берудегі еңбегі еленіп, «Құрмет граммотасы мен «А. Байтұрсынов» төсбелгісі және шәкірттерін ғылыми жобаға бағыттағаны үшін Білім және ғылым министрлігінің Алғыс хаттарымен марапатталған.

Айта кетсек, Э.Абылқасымова 1995-1998 жылдары Халықаралық қазақ-түрік университетінде оқу бөлімі әдіскер, 1998-2008 жылдары Халықаралық Тілдер академиясы Оқу бөлім басшысы, 2008-2011 жылы Халықтар достық унверситетінде оқу бөлімінің басшысы, 2011-2020 М. Әуезов атындағы ОҚМУ-де Информатиканы ағылшын тілінде оқыту кафедрасының магистрі болған.

                                                            Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі