Арыстықтар абырой биігінде

69

2022 жылдың 11.04 – 06.05. аралығында қашықтық форматта өткізілген «Жас ұлан» республикалық әскери-спорттық ойынына облыс намысын қорғау үшін Арыс қаласынан «Арыс» құрама командасы қатысып, жүлделі ІІІ орынды иеленді.

8 кезеңнен тұратын ойынға 9-10 – сынып оқушыларынан 8 ұл 2 қыз қатысты. Республикалық әскери-спорттық ойынына: Облыстар, Нұр- Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларынан 17 команда, барлығы 170 оқушы қатысты.
Республикалық ойын келесі номинациялар бойынша өткізілді, Саптық байқау, «Ұрпақтар ізімен…» сахналанған әндер байқауы, Кермеге тартылу, Арқамен жатып, денені жерден көтеру, Тарихи іздестіру-зерттеу жобасы, «Жауынгерлік парақ» байқауы, «Әскери техника – өз қолымен» сәндік- қолданбалы өнер байқауы, «Алғашқы медициналық көмек көрсету» квиз-викторинасы.
Жалпы командалық есепте «Арыс» командасы жүлделі ІІІ орынды иеленді.
Жоғарыда аталған ойын номинациялары бойынша «Арыс» командасы «Саптық» байқаудан І орын алды.
«Ұрпақтар ізімен…» сахналанған әндер байқауынан жүлделі ІІІ орын алса, арқамен жатып, денені жерден көтеру сайысынан ІІ орынды иеленді.
Қатысушылар кубок және медальдармен марапатталып, жеңіп алған номинациялары бойынша: 6 орындықтан тұратын туристік шатыр, кемпингтер мен жорықтарға арналған тоңазытқыш сөмке, терморюкзакқа салынған 4 адамға арналған туристік ыдыс жиынтығын ұтып алды.
Жетекшілер: АӘТД пәнінің мұғалімдері Сүйіндіков Молдабай, Аймұрзаев Ербол