4 пайыздық автонесиеге қосымша ақша бөлуіге қатысты мәлімдеме жасалды

60

Қаржы министрі 4 пайыздық автонесиеге қосымша ақша бөлуге қатысты мәлімдеме жасады. Ерұлан Жамаубаевтың айтуынша бағдарламаны жүзеге асырып жатқан Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінен ондай өтініш түспеген.

Сондықтан, жобаға бюджеттен қаржы бөлу мәселесі қаралып жатқан жоқ,- дейді. Алайда, бұған дейін вице-министр Марат Қарабаев бағдарламаға қосымша миллиардтар бөлінуі мүмкін екенін мәлімдеген еді.

Айта кетейік, бастапқыда  4 пайыздық автонесиені утилизациялық алымнан жиналған 100 миллиард теңгеге беру жоспарланған. Әзірге, өтініштерді екі банк қабылдап жатыр.

Шынар Оразова