Қадағалау актісі бойынша мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту бойынша қызмет көрсететін кәсіпкерлердің құқықтары қорғалды
Шымкент қаласының прокуратурасы кәсіпкерлердің мектепке дейінгі білім беру бойынша қызмет көрсету кезіндегі құқықтарының сақталуына талдау жүргізді.
Талдау барысында Шымкент қаласының білім басқармасының ағымдағы жылы мемлекеттік білім беру тапсырысы шеңберінде мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту бойынша 500-ден астам шарт жасағандығы анықталды.
Дегенмен жасалған шарттарда Басқармаға қызмет көрсететін кәсіпкерлік субъектілеріне техникалық ерекшелікке сәйкестігі тұрғысынан бақылау және тексеру жүргізуге құқық беретін тармақ көрсетілген.
Осылайша, Басқарма бақылау-қадағалау функцияларына ие болмай, өзіне Кәсіпкерлік кодекстің 134, 135-баптарында көзделген мемлекеттік бақылау және қадағалау өкілеттіктерін заңсыз берген.
Қала прокуратурасының қадағалау актісі бойынша шарттардан заңсыз талаптарды алып тастау арқылы 505 кәсіпкердің құқықтары қорғалды.