Ауыл шаруашылығы және өнеркәсіп үшін жаңа мемлекеттік банк құру қажет

0

Ауыл шаруашылығы мен өнеркәсіп үшін жаңа мемлекеттік банк құру қажет. Осылай деген депутаттар нарыққа өндірістік әлеуетті дамытатын банк жүйесін ашуды ұсынды.

Ол алыпсатарлық табыс пен экономиканы өз мүддесіне пайдаланбауға тиіс. Айқын Қоңыров 5 жылда ресейлік еншілес банктердің үлесі 9-дан 15%-ке дейін өскенін айтты. Ақша салымы 3 трлн. теңгеден асқан. Алайда санкция салдарынан қазір бұл банктердің қиындыққа тап болғанын білеміз.

Сонымен бірге елде мамандандырылған банктердің болмауына байланысты бюджет ақшасы түрлі квазимемлекеттік құрылымдарға, даму институттары арқылы жеке банктерге жіберіліп жатқанын еске салды.

Шынар Оразова