Шымкент қаласы тұрғындары мен жастар арасында діни экстремизм мен терроризмнің алдын алу, кереғар діни ағымдардың зияндығын түсіндіру, «Діни қызмет және діни бірлестіктер туралы» Қазақстан Республикасының Заңын түсіндіру мақсатында арнайы қалалық және аудандық ақпараттық түсіндірмелік топтар құрылған.
Шымкент қаласы көлемінде дін мәселелері бойынша жұмыс жүргізетін ақпараттық түсіндірмелік топтармен мектеп оқушылары, жоғары және орта арнаулы оқу орындарының студенттері, мекеме ұжымдары және елдімекен тұрғындары арасында 335 кездесулер өткізілді, 16 755-тен астам адам қатысты.
Қалада орналасқан 87 мешіттерде және исламдық емес бағыттағы 31 діни бірлестікте құлшылық жасау уақыттарында қоғамдық қауіпсіздік пен тәртіпті қадағалау мақсатында бейнебақылау камералары орнатылды. Жастарды кереғар діни ағымдардың ықпалынан сақтау, жастардың діни иммунитетін көтеру мақсатында Haqjoly.kz діни ақпараттық порталы жұмыс жасауда. Аталған сайтта «Зайырлы мемлекет», «Дін және жастар», «Дін және қоғам», «Теріс ағым», «Дәстүрлі дін», «Бейнероликтер», «Жаңалықтар», «Мақалалар» айдарларымен қамтылған. Жыл басынан бастап сайтқа 222 мақала, 438 жаңалық, 108 бейнероликтер енгізілді.
Шымкент қалалық мәслихат депутаты, “AMANAT” партиясының фракция мүшесі Тореайм Султанова