Ел бойынша 5 адамның жағдайы ауыр

40

Өткен тәулікте елімізде 5 адамнан короновирус инфекциясы анықталды.  Оның ішінде Шымкент пен Түркістан облысынан вирус жұқтыру дерегі тіркелмеді.

Ел бойынша індеттен 3 адам жазылып шықты. Оның ішінде Шымкент пен Түркістан облысынан ешкім жоқ. 26 мамырдағы жағдай бойынша елде 139 адам қауіпті індеттен емделіп жатыр. Оның 47-сі стационарға жатқызылса, 92 науқас  амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда.

Сала жауаптыларының айтуынша, 5 адамның жағдайы ауыр, 1 пациент өкпені жасанды тыныстандыру аппаратына қосылған. Қазақстан бойыша вакцинацияланғандар саны 9 500 904 адамға жетті. 2-ші компонентін
9 275 139 адам салдырды.  Республика бойынша 4 351 015 адам ревакцинация жасатты. Ал Шымкентте 601 820 тұрғын екпе қабылдаған. Вакцинаның екі компонентін мегаполистің 592 984 адам алды. Түркістан облысы бойынша қауіпті індетке қарсы вакцинаның I компонентін 1 046 991, II компонентін  1 046 108 адам салдырған.

Ал эпидемиологиялық ахуалды бағалау матрицасы бойынша еліміздің барлық өңірі жасыл аймақта.

 Жанерке Хумар