Есірткіге қарсы күрес айлығы басталды

185

Есірткіге қарсы күрес  күніне орай 26 мамыр мен 26 маусым аралығында республика аумағында айлық өтеді. Оның барысында есірткінің таралуына тосқауыл қоюға бағытталған рейдтік іс шаралары және халық арасында, әсіресе ата-аналар мен жеткіншектер арасында нашақорлықтың қауіпі туралы түсіндіру жұмыстары жүргізіледі.

Бүгінгі үкімет отырысы  есірткіге қарсы күрес халықаралық  күніне орай өтетін айлықтың ашылуына арналды. Жиында есірткі мен синтетикалық препараттардың таралуы тек елімізге, ұрпақтарымыздың жарқын болашағына ғана емес бүкіл әлемге қауіп төндіретіні баяндалды.
Ералы Тоғжанов, ҚР Премьер министрдің орынбасары :»Соңғы 10 жылда 22 пайызға өскен. 275 адам әлемде есірткіге тәуелді.500 мыңдай адам есірткінің кесірінен өмірімен қоштасуда».

ІІМ өкілі жылдың басынан ел аумағында анықталған құқықбұзушылық фактілеріне тоқталды. Ресми мәлімет бойынша есірткіге қатысты 918 қылмыстық іс анықталса,1800 теріс қылықтар, 600 әкімшілік құқықбұзушылық тіркелген. 2022 жылы бір жарым тоннадан астам есірткі заттары тәркіленген. Ұсталған 1400 адамның 60 әйел,9 кәмелеттік жасқа толмаған жасөспірімдер. Ал Шымкент қаласы аумағында ПД есірткінің заңсыз айналымына қатысты жалпы 138 қылмыстық құқықбұзушылық анықтаған.

Бауыржан Қарбеков, Шымкент қалалық ПД есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының аға жедел уәкілі: «Оның ішінде 26 қылмыстық іс, 112 теріс қылықтар. 4-айда  31 кг., мамырда 22 кг. есірткі тәркіленген.

Есірткінің таралуы мен нашақорлықтың алдын алу шарасына қоғам болып қарсы тұру қажет, деп дабыл қағады тәртіп сақшылары  Сондықтанғ 26- мамыр мен 26 маусым аралығында өтетін айлыққа мемлекеттік органдармен бірге үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері, қоғам қайраткерлері , еріктілер де ат салысады деп жоспарлануда.

Шынар Оразова