Қала мектептерінің оқушылары арасындағы көшбасшылар сайысқа түсті. Білім басқармасы мен Шымкент жоғары педагогикалық колледжі, мектеп парламенттерінің президенттері арасында «Ителлектуалды ұлт: ұшқыр ой мен өткір тіл» тақырыбында білім сайысын өткізді. Қаладағы 74 мектептен құралған 16 команда республикалық жарысқа жолдама үшін бақ сынады.
«Интеллектуалды ұлт: ұшқыр ой мен өткір тіл». Қалалық білім басқармасы мен Шымкент жоғары педагогикалық колледжі МЕКТЕП ПАРЛАМЕНТТЕРІ ПРЕЗИДЕНТТЕРІ арасында «Эрудит» интеллектуалды сайысын өткізді. Додаға қала мектептерінен 16 команда қатысты.
Гүлмира Сулейменова, Шымкент қалалық білім басқармасы, әдістемелік орталығының бөлім басшысы: «Бұл шара балалар жылы аясында өткізіліп жатыр. 74 мектептен 16 команда қатысып жатыр. Өте үлкен ауқымды шара. Қалалық сайыс. Ұтқан командалар республикалық сайыстарға жолдама алады».
Ұйымдастырушылардың айтуынша, сайыстың мақсаты — балалардың білім сапасын тереңдету, шапшаңдыққа, жан-жақты болуға, білімді, сенімді, дарынды, озық болуға тәрбиелеу. Бүгінгі сайыс қатысушыларының бірі, өзінің өткір ой, ерекше білімімен көзге түскен шәкірттердің бірі — Аружан Айтбаева. Қалалық №129 жалпы білім беретін мектептің 9 сынып оқушысы аталмыш жарысқа тынғылықты дайындалғанын айтады.
Балалар жылына орай ұйымдастырылған тартысқа толы білім сайысында №26, 52,78,66, мектеп оқушыларынан құралған «Қасымхан» командасы 1 орынға лайық деп танылды. Екінші орын: №57, 58, 59, 89 мектептерден құралған «Интеллект» тобына бұйырды. №72, 90, 102, 130, 132, №135 мектеп оқушыларынан құралған «Есімхан» тобы жүлделі ІІІ орынды місе тұтты.
Жеңімпаз командаларға Шымкент жоғары педагогикалық колледжі ұсынған кубоктар мен сыйлықтар табыс етілді. Ойыннан соң, жиынға қатысушылар Шымкент жоғары педагогикалық колледж мұражайын аралап, оқу ордасының тыныс тіршілігімен танысуға мүмкіндік алды.
Айжан Ермекқызы