Ауыз сумен қамтамасыз ету
2021 жылы 11 елді мекенде 11 нысанның және 3 магистралды суаққының құрылысын жүргізілуде. Нәтижесінде қамту көрсеткіші 95%-дан 98%-ға дейін жоғарылайтын болады.
2023 жылға дейін Шымкент қаласының 2021-2025ж.ж. даму бағдарламасына сәйкес 100 пайыз сапалы ауыз сумен қамтамасыз ету жоспарланған.
Кәрізбен қамтамасыз ету
2021 жылы 11 елді мекенде 10 нысанның ішкі орамдық жүйесі және 3 магистралды кәріз коллекторының құрылысын жүргізілуде. Бүгінгі таңда, Шымкент тұрғындарының 52,3 пайызы кәріз жүйесімен қамтамасыз етілген. 2025 жылға дейін 65% кәріз жүйесімен қамтамасыз ету жоспарланған.
Электр жарығымен қамтамасыз ету
2021 жылы 15 елді мекенде 3 қосалқы станция құрылысы жүргізілуде.
Нәтижесінде сапалы электрмен қамтылу көрсеткіші 95%-дан 97%-ға дейін жететін болады.
2025 жылға дейін 100% сапалы электр қуатымен қамтамасыз ету жоспарланған.
Табиғи газбен қамтамасыз ету
2021 жылы 11 елді мекенде газ құбырын тарту және 3 магистралдық құбыр құрылысының жұмыстары басталған, жыл соңына дейін 5 елді мекен және 2 магистралдық құбыр құрылысын аяқтау жоспарланған.
Жыл қорытындысымен қала тұрғындарын табиғи газ жүйесімен қамту көрсеткіші 92,2%-дан 93%-ға жететін болады.
2025 жылға дейін 100% табиғи газбен қамтамасыз ету жоспарланған.
Шымкент қалалық мәслихат депутаты, “AMANAT” партиясының фракция мүшесі Тореайм Султанова