Кеңесте мүмкіндігі шектеулі азаматтарға әлеуметтік қолдау көрсету мәселесі қаралды

139

20 мамыр 2022 жылы Шымкент қаласында Қоғамдық кеңестің кезекті отырысы өтті. Жиынға Қоғамдық кеңесінің мүшесі, «Ақ жол» ҚДП Шымкент қалалық филиалының төрағасы Әлімхан Абжанов қатысты.

Кеңесте мүмкіндігі шектеулі азаматтарға әлеуметтік қолдау көрсету мәселесі қаралды. Бұл туралы Шымкент қаласы жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасының басшысы Б.Нарбекова баяндама жасады. Қазіргі таңда Шымкент қаласында 37 337 мүмкіндігі шектеулі азамат тіркелген. Қоғамдық кеңес отырысында мүмкіндігі шектеулі азаматтар мен зейнеткерлердің жылына 1 рет шипажайда демалуына жолдаманы 12 күнге бергенімен, 6 күнін, яғни 50 пайызын зейнеткерлер өз қалтасынан төлеп келгені туралы мәселе көтерілді.

Осы мәселе бойынша қала Әкіміне жолдаманы 14 күнге созып, толығымен тегін жасап,қалалық бюджеттен қаржы бөлу туралы ұсыныс жолдау туралы шешім қабылданды. Осы проблема аясында «Ақ жол» ҚДП Шымкент қалалық филиалының төрағасы Әлімхан Абжанов зейнеткерлерге еліміздің барлық облыс орталықтарында мен ірі қалаларда қоғамдық көліктерде жүруге жеңілдіктер бар, ал Шымкент қаласында қарастырылмағаны туралы мәселені көтерді, тіпті бұл мәселе жайлы биыл сәуір айында Дөңгелек үстел өткізгені туралы айтты. Жиынға қатысқандар Ә.Абжановтың көтерген мәселесін қолдады, нәтижесінде қала әкіміне ұсыныс хат жолданатын болды.