Президент: Трансферттерді біртіндеп азайту керек

38

«Республикалық бюджет Ұлттық қордың қаражатына сүйенбеуі керек. Трансферттерді біртіндеп азайту қажет». Мұны Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық Банктің жылдық есебін қабылдау жиынында айтты.

Мемлекет басшысының айтуынша, биыл Үкімет тағы 4,6 триллион теңге сұратып отыр. Ұлттық қордан жасалған трансферттер былтыр 4,5 трлн. теңгені құрады. 2021 жылы төл валютамен салынған депозит көлемі 17,3 трлн. теңгеге дейін өсті.

Қасым-Жомарт Тоқаевқа акциялар нарығының өсуіне орай теңгерімді аллокацияға көшу жөнінде де баяндалды. Бұл соңғы 3 жыл ішінде Қор кірісін 10,75 млрд. долларға жеткізуге мүмкіндік берді.

Президент Үкіметке ірі жобаларды нарықтық механизмдер, мемлекеттік-жекеменшік серіктестіктер  және республикалық бюджет қаржысын қайта бөлу есебінен жүзеге асыру тетігін пысықтауды тапсырды.

Шынар Оразова