Қалалық жайлы ортаны дамыту, экология

70

Есепті кезеңге қоршаған ортаға эмиссияларға рұқсат алу үшін
487 өтінім материалдары тапсырылып, оның 400-не рұқсаттар берілді, 87 өтінім қайтарылды.
Шымкент қаласы бойынша атмосфералық ауаның жай-күйі жөнінде халықты хабардар етуді қамтамасыз ету мақсатында 2 дана LED-экранды орнату үшін қала аумағынан жер учаскелері бөлініп, мемлекеттік актілер алынды. LED-экрандар жыл соңына дейін орнатылады.
Ақтас-1 тұрғын алабындағы қатты тұрмыстық қалдықтар полигоны іргесінен қатты тұрмыстық қалдықтарды энергетикалық кәдеге жарату бойынша объектілер құрылысын салу үшін бөлінген 20 га жер телімін «Waste2Energy» ЖШС-нің атына рәсімдеу жұмыстары жүргізілуде.
Құрылыс қалдықтарын жинау мен қайта өңдеу полигоны үшін Ақтас-1 тұрғын алабындағы қатты тұрмыстық қалдықтар полигонының жанынан ауданы 26 га жер телімі бөлінді. Аталған жер телімін «МПЗ GreenLine» ЖШС-і атына рәсімдеу жұмыстары жүргізілуде.

Шымкент қалалық мәслихат депутаты, “AMANAT” партиясының фракция мүшесі Тореайм Султанова