ANONSJańalyqtar Қазақстан мектептерінде жаңа пән енгізілмек Redaktor Gúljan Kósherova - 20.05.2022 113 2022-2023 оқу жылында барлық мектепте еңбекке баулу сабақтары оқытылады. Бұл туралы сенатта өткен парламенттік тыңдауда вице-премьер Ералы Тоғжанов мәлімдеді Мектепке қайта оралатын пән 1-сыныптан бастап оқытылады деген жоспар бар. «Еңбекке баулудың ұрпақ тәрбиесіндегі маңызы зор екені белгілі. Сондықтан жаңа оқу жылында 1-сыныптан бастап «Еңбекке баулу» пәні қайта енгізіледі. Жоба ретінде мектептер жанында жылыжайлар ашу қолға алынады. Бүгіннің өзінде 7%-ға жуық мектепте бұл тәжірибе бар», — деді Е. Тоғжанов. Еліміздегі мектептердің 7 процентінде өз аумағында жылыжай ашқан. Үкімет осы тәжірибені кеңейтіп, жылыжайларды барлық мектепте ашуды жоспарлап отыр. Сол жерде оқушылар жұмыс істейді. Бұдан бөлек, мектептерде кәсіптік бағдар беретін мамандар болады. Олар оқушыларға болашақ мамандықты таңдауға көмектеседі.