Қазақстандықтар ресейлік банктерден 2 трлн. теңгесін алған

0

Қазақстандықтар елімізде орналасқан ресейлік банктерден 2 трлн. теңгесін алып кетті. Ұлттық банк өкілдері биыл ВТБ, Сбербанк пен Альфа банктің қоры едәуір азайғанын айтады.

Мысалы, Сбербанктің депозиті 1 трлн. 700 млрд. теңгеге азайған. Альфа-Банктен азаматтар 137 млрд. теңге алды. ВТБ 339 млрд. теңгеден аса қаржыдан қағылды.

Банктегі салымшылардың ақшасы 88 пайызға азайған. Жалпы биыл тұрғындардың 29 банкте жинаған ақшасы 13 трлн. теңгеден асыпты.

Шынар Оразова