Шетел азаматы шекарадан сора өсімдігінің ұрығын алып өтпек болған

49

Өзбекстан азаматы «Сора» өсімдігінің ұрығын шекарадан алып өтпек болған. «Жібек жолы» шекарасы аумағындағы «Белка» лақап атты қызметтік ит белгі беріп тоқтатқан ер адамнан, есірткі затына ұқсас дән алынды.

Аталған деректі тәртіп сақшылары ҚР ҚК-нің 286-бабы 1-бөлігі «Айналыстан алып қойған заттардың немесе айналысы шектелген заттардың контрабандасы» бойынша тіркеуге алды. Полицейлер күдіктінің қалтасынан алынған затқа сот-сараптамасын тағайындап, нәтижесінде оның «сора» өсімдігінің ұрығы екендігі анықталды. Белгілі болғандай, күдікті Өзбекстан Республикасынан Қазақстанға өтпек болған. Ол сора өсімдігінің ұрығын бөдене құсына жем ретінде алып келе жатқанын айтқан. Қазіргі таңда күдіктіге қатысты сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

Мөлдір Ибадуллаева