Шымкентте 631 133 азамат референдумде дауыс беру құқығына ие

208

5-ші маусымда елімізде республикалық референдум өтеді. Шымкентте Жаңа Қазақстанның болашағы үшін маңызды саяси шараға, дауыс беру құқығына ие 631 мың азамат қатысады деп күтілуде. Сайлаушылар 312 учаскеде дауыс беретін болады. Айта кетейік, айтулы референдум Ата заңымызға енгізілетін өзгерістер мен толықтыруларға арналған

Шымкент қалалық аумақтық рферерендум комиссиясында жұмыс қызып тұр. Жауптылар 5-ші маусымда өтетін республикалық референдумды өткізуге қажетті материалдарды қабылдап алуда. Шаһарда 317 референдум комиссиясы болса, 1 қалалық  4 аудандық аумақтық референдум комиссиялары. 312 учаскелік референдум комиссияларының 293-і ашық комиссиялары болса, 19 жабық.

Оның ішінде 15-іне жуығы медициналық мекемелер, тергеу изоляторы, 2 әскери бөлімі мен қарттар үйі. 312 учаскелік комиссияда 2705 комиссия мүшесі қызмет етеді.

Қайырбек Құнанбаев, Шымкент қалалық аумақтық референдум комиссиясының төрағасы: «Референдумға 20 күн қалғанда жергілікті әкімдіктер комиссияларға сайлаушылардың тізімін актпен табыс етті. Дауыс берушілердің санына қарай 637 мың бюллетеньге типографияға тапсырыс жасалды».

Қаладағы мектептердің бірінде орналасқан №148 учаскелік референдум комиссиясы мүшелері шақырту қағаздарын толтыруда. Учаске 5-ші маусымда өтетін референдумға дайын. Айта кететін, жәйт, референдумға 18 жасқа толған дауыс беру құқығына ие азаматтар қатыса алады. Және мүмкіндігі шектеулі азаматтарға да өз құқықтарын пайдалануға жағдай жасалған.
Гүлжан Ибрагимова, №148 учаскелік референдум комиссиясының төрағайымы: «Әкімдіктер берген тізім бойынша  біздің учаскеде  2061 азамат тіркелген.  Тұрғындардан келіп сұрақтарына толыққанды жауап алуда».

Орталық референдум комиссиясы қазақстандықтарды  5-ші маусымда өтетін республикалық референдумге қатысып, өз құқығын қолданып, дауыс беруге шақырады.

Шынар Оразова