Úı ANONS Түркістанда референдум күні 16 сәби дүниеге келді

Түркістанда референдум күні 16 сәби дүниеге келді

фото ТӨКҚ
Түркістан қаласында референдум күні қуанышты жаңалықтармен есте қалды. Қаладағы медициналық мекемелерде түнгі сағат 00:00-ден 18:00-ге дейін 16 сәби дүниеге келді.
Дәрігерлердің мәліметінше, дүниеге келген сәбилердің 9-ы ұл, 7-еуі қыз. Ана мен балалардың жағдайы жақсы, барлығы дәрігерлердің бақылауында.
Айта кетейік, ел өміріндегі маңызды күнмен тұспа-тұс келген бұл қуанышты оқиға жаңа өмірдің басталуымен ерекшеленіп отыр.