Бүгін еліміз үшін маңызды саяси науқан – жалпыхалықтық референдум өтуде. Кентау қаласының тұрғындары бұл маңызды шараға белсенділік танытып, дауыс беру учаскелеріне барып, өз таңдауларын жасауда.
Референдум күні қала тұрғындарына қолайлы жағдай жасау мақсатында қаладағы Ынтымақ алаңында ауылшаруашылық жәрмеңкесі ұйымдастырылды. Жәрмеңкеде жергілікті шаруалар мен кәсіпкерлердің өнімдері ұсынылуда.
Атап айтқанда, жәрмеңкеге ет өнімдері, сүт тағамдары, көкөністер мен жеміс-жидектер, сондай-ақ басқа да күнделікті тұтынуға қажетті азық-түлік өнімдері шығарылған.
Өз референдум учаскелеріне барып, азаматтық борыштарын орындаған қала тұрғындары жәрмеңкеге келіп, қажетті азық-түлік өнімдерін тиімді бағамен сатып алуда.
Аталған шара тұрғындардың белсенділігін арттырумен қатар, жергілікті ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерін қолдауға да бағытталған.







