Жергілікті кәсіпкер салонының алдында тұрған баспалдақта орналасқан мүгедектерге арналған темір пандусты белгісіз тұлғалар жасырын жолмен ұрлап кеткендігі жөнінде полицияға арызданған.
Аталған жайт бойынша тәртіп сақшылары ҚР ҚК-нің 188-бабымен (Ұрлық, яғни бөтеннің мүлкін жасырын жымқыру) тіркелген. Жедел-іздестіру жұмыстары барысында салонға жақын маңдағы бейнебақылау камералары жіті қаралды. Нәтижесінде ұрлыққа қатысы бар азаматтың жеке басы анықталып, тұрғылықты жерінен ұсталды.
Анықталғандай, азамат ұрланған пандусты сатып үлгерген. Қазіргі таңда тергеу амалдары жалғасуда. Жәбірленушіге мүгедектерге арналған темір пандус қайтарылды.
«Салонымдағы мүгедектерге арналған темір пандусты белгісіз тұлғалар ұрлап кеткенде бірден полицияға арыздандым. Олар жедел ден қойып, немқұрайлы қарамай, ұрлыққа барған азаматты тез арада анықтап, маған затымды қайтарып берді. Еңбекші ауданы Полиция басқармасы анықтау бөлімінің қызметкерлеріне алғыс айтамын. Жұмыстарына сәттілік тілеймін», — дейді қала тұрғыны Ирина Алиева.