Шымкенттік оқушы әлемнің 33 университетінен шақырту алды

252

Шымкенттік түлек әлемнің 34 университетінен шақырту алды. Мирас Сейілхан Білім иновациялық лицейінің 11-сынып оқушысы. Жас дарынның таңдауы қай елдің қай оқу орнына түсті?

Шетелде оқу Мирас Сейілханның бала кезіндегі арманы. Мақсатқа жету жолында жас дарын дайындықты 9-сыныптан бастаған екен. Талмай еңбектенудің нәтижесінде биік белесті бағындырған ол, мұндай жетістікке жетуде ұстаздарының еңбегі зор екендігін айтады.

Мирас Сейілхан, «Білім – инновация» лицейінің 11 сынып оқушысы: «Лицейдің барлық ұжымы деп айталатын едім. Себебі мен түскеннен бастап тәрбиешілер мен мұғалімдердің көмегі мол болды. Атап айтатын болсам Дугад ағай ол менің профориентаторым осы шетелдің университеттіне жіберетіндірімнің барлығы осы ағайдың алдынан өтті.Соныменқатар мені IELTS ке Нұрбек ағай дайындады».

Мирас шетелде білім алғаннан соң, елге айта оралатынан айтады. Сөзінше Жаңа Қазақстанның жарқын болашағыөзі сияқты жас әрі білімді патриоттардың қолында.

«Менің қазіргі мақсатым, шетелден алып келген біліміммен Қазақстанды дамыту.Сонымен қатар өзімнен кіші іні қарындастарыма үйрету және жаңа қазақстан құру».

Ұстаздары Мирастан зор үміт күтеді. Солардың бірі Райхан Абишова. Ол шәкіртінің жетістігі талмай оқып, ұзақ еңбектенгеннің нәтижесі екендігін айтады.

Айта кетейік, биыл «Білім – иновация» лицейінен 70-ке жуық түлек қанат қақса, олардың бірқатары шетел грантынан үмітті екен.

Иззат Миралиев