Ұлы Отан соғысына қатысқан медицина мамандары марапатталды

158

 Ұлттық Медицина Ассоциациясы 28 гвардияшыл-панфиловшылар саябағында жыл сайынғы дәстүр бойынша «Ешкім де, ештеңе де ұмытылмайды!» акциясын өткізді. Іс-шара Ұлы Отан соғысы, пандемия және қаңтар оқиғалары кезінде адам өмірін сақтау жолында ерлік көрсеткен медицина қызметкерлеріне арналған.

Акцияға еңбек ардагерлері, ауған жауынгерлері, Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшелері, дәрігерлер мен медициналық қауымдастық өкілдері қатысты. Қайтыс болғаннан кейін марапатталғандардың арасында екі жерлесіміз бар.

6 мамыр күні Алматыда Ұлттық медицина академиясы Денсаулық сақтау саласының үздік қызметкерлерін үш номинация бойынша марапаттады. Оның ішінде Ұлы Отан соғысы кезінде қайтыс болған дәрігерлердің де есімдері бар. Сондай-ақ Қазақстанның денсаулық сақтау саласын дамытуға зор үлес қосқан медицина мамандары да марапат иесі атанды. Солардың бірі — Абдурашид пен Хикаят Музраповтар. Оларға тиесілі марапаттар Көлкент ауылындағы Абдурашид Музрапов атындағы білім беру мектебінің мұражайына беріледі. Дүниеден өткен бұл жандардың өмірі туралы бүгінде кітап жазылуда. Биғайша Нұрғазинова Музраповтардың балалары және немерелерімен бірге медальды табыстау рәсіміне арнайы келді.

Биғайша Нұрғазинова, облыстық көзі нашар көретін балаларға арналған «Үміт» мектеп-интернатының экс-директоры: «Осы номинация бойынша Музрапова Хикаят пен Музрапов Абдурашидке медаль табыстады. Бұл кісілер КСРО кезінде де және қазіргі Қазақстанда жұмыс істеген медицинада жетістікке жеткен жұп».

Абдурашид пен Хикаят Музраповтар 1934 жылы дүниеге келген. Олар бірге Ташкент медициналық институтын тәмәмдап, шаңырақ көтерген. Кейін Кентау қаласына көшіп барып сонда дәрігерлік қызметке орналасқан. Абдурашид Музрапов мамандығы бойынша дәрігер санэпидемиолог, ал жұбайы — акушер-гинеколог мамандығында білім алған.

Абдурашид пен Хикаят Музраповтың үш баласы да дәрігер мамандығын алған. 90-шы жылдары Шухрат, Мухиддин және Еркін мамандығын өзгертіп, мұнай-газ кәсібіне бет бұруға мәжбүр болады. Дегенмен олар әрдайым балаларға материалдық көмек көрсетіп, алғашқы қадам жасауға серпін берді.

Дәл осылай 2010 жылы көптеген халықаралық және республикалық байқаулардың лауреаты атанған «СӘТ» триосы құрылды. Әсем әнімен талай жүректердің төрінен орын тапқан ансамбльдің ерекшелігі -талабы таудай топ зағип жандардан құралған еді.

Гүлдана Дәурен