Бал экспорты бәсеңсіп қалды

85

Келешекте омарташылардың санын 50 мыңға жеткізу керек. Ол үшін аяқсыз қалған «Агробілім бағдарламасын» қайта қолға алған жөн. Қазір елімізде 12 мыңға жуық омарташы бар. Тоқсан пайызы жеке отбасылық шаруашылық. Олар жыл сайын 10-12 мың тонна бал жинайды. Бұл өте аз.

Олардың санын көбейтсек экспортты да еселеп арттыруға болады. Жалпы, ара өсіретін шаруашылықтардың 70 пайызы шығыста шоғырланса, оңтүстік пен Жамбыл және Алматы облыстарында енді дамып келеді. Солтүстік пен орталықта тек отбасылық кәсіп төңірегінде. Батыста да солай. Өйткені омарташылық оңай кәсіп емес.

Шынар Оразова