Ғылыми жаңалықтардың 92 пайызы жүзеге асып жатқан жоқ

71

Еліміздегі ғылыми жаңалықтардың 8 пайызы ғана ауыл шаруашылығына енгізіліп жатыр. Қалған 92 пайызы жүзеге асырылмай, құжат күйінде сөрелерде қалып қоюда.

Ғалымдар тың жобалар ойластырғанымен оны өндіріске енгізу үшін қосымша қаржы бөлінуі керек. Осы ретте, білім, ғылым және өндіріс интеграциясын күшейту маңызды. Бұл туралы ТМД елдері аграрлық Жоғары оқу орындары ректорлары кеңесінің отырысында айтылды.

Жиында ғылым мен өндірісті ұштастыру, климаттық өзгеріс жағдайында ауыл шаруашылығы дақылдарына жаңа сұрып шығару сынды мәселелер қарастырылды.Қазақстанда 270 мың агроқұрылым бар. Соның 97 пайызы жеке кәсіпкерлер мен шаруа қожалықтары иелік етеді. Ауыл шаруашылығы өнімдерінің үлесі 32 пайыз. Саны бар, сапасы жоқ. Себебі олардың 40 пайыз жері 10 гектардан аспайды. Он гектар жерге білімді де, ғылымды да, жаңа технологияны да тарта алмайды.

Қаржы мәселесі бұл жерде шешілуі керек-деп есептейді Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университетінің ғылыми хатшысы Кілай Керімова

Шынар Оразова