«Изуми» сауда орталығы жаңа топтама ұсынады

126

Итальяндық бренд Джованни Джинтелли сатып алушыларын жаңа коллекциямен қуантпақ. Биыл трендте жасыл, күлгін және қызыл-қоңыр түстер дейді бренд өкілдері. Ал топтамада соңғы үлгідегі киімдердің бірнеше үлгісі ұсынылған. Жаңа топтаманы таныстыруға бренд өкілдері Түркиядан арнайы келді.

Пиджак пен жеңіл жейде – кез-келген уақытта киюге болатын әмбебап киімдер. Тек бастысы – гардеробты уақытында жаңартып отыру қажет. Ал жаңа топтамдан киім таңдауға ИЗУМИ сауда орталығының 3-қабатында орналасқан Джованни Джинтелли дүкені көмектеседі. Брендтің тұрақты клиенті Жәнібек Аманқұлов, бастысы – мата денеге жағымды болуы қажет дейді.

Жәнібек Аманқұлов, сатып алушы: «Маған ұнады, өлшемі де бірден сәйкес келді. Пиджак өте қонымды, кеңесші қыздар маған қажет өлшемді тауып берді. Матасының өзі денеге өте жағымды. Мен маталарға сезімталмын, сол себепті оған ерекше мән беремін».

Сату жөніндегі маман Джованни Джинтелли брендінің тауарлары өте ыңғайлы екенін, бірнеше жыл киюге жарайтынын айтады.

Севара Ерметова, «IZUMY» сауда орталығының бөлім басшысы: «Изуми» компаниясы -Джованни Джентелли брендінің өкілі. Біз клиенттерге киімді қалай таңдау керегін көрсетеміз, жалпы киім, аяқ киімнің кең таңдауын ұсынамыз. Джованни Джентелли бренді сәнді ультра коллекция, жастар талғамына сай соңғы үлгідегі киімдерді ұсынады».

Джованни Джинтелли киімдері кез келген жанға қолжетімді. Бұйымдар итальяндық киімдермен бір зауытта тігіледі, тек мата мен фурнитурада ғана айырмашылық болуы мүмкін.

Окан АЙ – Giovane Gentile брендінің менеджері: «Бізде брендтің екі үлгісі бар. Біреуі – лимитед эдишн, екіншісі – джованни ди. Біріншісінде – ең қымбат итальяндық маталар қолданылады. Ал екіншісі -коммерциялық бағытта. Бәрін бір зауытта тігеміз, тек мұндағы киімдер күнделікті өмірге киюге ыңғайлы және бағасы да қолжетімді».

«Изуми» сауда желісінде әр адам жеңіл жейде мен аксессуардан бастап, түрлі үлгідегі костюмдерге дейін өзіне қажеттінің бәрін таба алады.