Қатты дауыл салдарынан ағаш автокөліктің үстіне құлаған

54

Шымкенттегі Теріскей шағынауданындағы № 14 үйдің ауласында биіктігі шамамен 15 метрдей терек ағашы желдің күшімен авто тұрақта тұрған автокөліктің ұстіне құлаған. Абырой болғанда адамдарға зақым келмеген.

Оқиға орнына Шымкент қ.ТЖД жедел-құтқару жасақтың құтқару бөлімшесі жұмылдырылды. Құтқарушылар ағаш кесетін бензинді араны қолданып, автокөліктің ұстіндегі ағашты кесіп қауіпсіз жерге шығарып тастады.
Жергілікті атқарушы органдарының тазалау мекемесінің қызметкерлері ауланы әрі қарай жинастыру жұмыстарын жүргізді.
Еске сала кетейік 2022 жылғы 19 маусымда желдің екпіні 15-20 м/сек құрайтын дауылды ескерту берілген.