Түркістан: Бір тәулікте 200-ге жуық құқық бұзушылық анықталды

43

Түркістанда «Түнгі қаладағы балалар» іс-шарасы аясының алғашқы тәулігінде 622 объекті тексеріліп, кәмелетке толмағандарға қатысты 186 әкімшілік құқық бұзушылық анықталды.

Ал түнгі сағат 22:00-ден кейін ойын-сауық орындарында болуына жол берген 11 азаматқа ҚР ӘҚБтК-нің 132-бабы бойынша әкімшілік хаттама түзіліп, жауапкершілікке тартылды.

Сондай-ақ кәмелетке толмағандарға алкоголь өнімін сатқан 5 тұлға анықталып, оларға ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық кодексінің 200-бабы «Қазақстан Республикасы заңнамасының алкоголь өнімін өткізу жөніндегі талаптарын бұзу» бойынша және 21 жасқа толмаған адамға темекі өнімін сатқаны үшін 4 тұлғаға әкімшілік шара көрілді.

                                                                                          Мөлдір Ибадуллаева