Түркістан облысында жыл басынан бері заңсыз айналымнан 130 келіге жуық есірткі заты тәркіленді.
2022 жылдың 5 айында облыстық ПД Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлерімен 185 дерек пен 123 есірткі теріс қылықтары тіркелген. Оның ішінде есірткі контрабандасы-11, есірткі сату-24, аса ірі көлемде есірткі сақтау бойынша 9 жайт анықталған.
Сондай-ақ 17 есірткі өсімдігін егу деректері ашылып отыр. Ал ғаламтор желісінде есірткіні насихаттайтын құқыққа қарсы контентті анықтау және мониторингілеу кезінде 143 «наркосайтты» анықтап, барлығына шектеу қойылды.
Мөлдір Ибадуллаева