2 жасар балалардың бірі бассейнге, бірі септикке құлап кеткен

118

Демалыс күндері Шымкентте балалармен байланысты екі жазатайым оқиға орын алды. Жедел медициналық жәрдем қызметінен 2022 жылдың 23 шілдесінде сағат 22-30-да жеке тұрғын үйдің ауласында ересектердің қарауынсыз қалған 2019 жылғы баланың қаңқалы бассейнге құлағаны туралы хабарлама келіп түсті.

Жазатайым оқиға Абай ауданының Қызылжар тұрғын алабында Сығанақ көшесінде орын алды. Бала қалалық балалар ауруханасына жатқызылды (жағдайы ауыр, аспирациялық синдром. Мидың ісінуі. Кома).
Жазатайым оқиға туралы екінші хабарлама жедел медициналық көмек қызметінен 24 шілдеде сағат 00-05 минутта келіп түсті. Абай ауданы Самал-3 шағын ауданындағы Мейірімді көшесі бойындағы жеке тұрғын үйдің ауласында ересектердің қарауынсыз қалған 2019 жылы туған бала септикке құлап, қалалық балалар ауруханасына жатқызылды (жағдайы орташа, аспирациялық синдром).
Құрметті ата-аналар! Абай болыңыздар, кішкентай балаларды қараусыз қалдырмаңыз!
Шымкент қаласы ТЖД қоғаммен байланыс тобы