Бала күтіміне жәрдемақы беру 1,5 жасқа дейін ұзартылуы мүмкін

81

Елімізде бала күтімі бойынша бір жасқа дейін берілетін жәрдемақының мерзімі ұзаруы мүмкін. Бұл туралы ОКҚ-де өткен брифингте «Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры» АҚ бас директоры Нұрсұлу Кемел мәлімдеді. Енді жәрдемақы қосымша жарты жылға дейін төленбек. Бірақ, әзірге бұл ұсыныс қана.

«Біздің міндетіміз – бұл жүйенің тұрақтылығын және қаржылық орнықтылығын қамтамасыз ету. Өйткені әлеуметтік міндеттемелер ұзақ мерзімді сипатта. Бұл төлемді ай сайын алатын асырауындағы адамдар немесе мүгедектер бар. Сондықтан міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесінің қазіргі жағдайын ескере отырып, 1,5 жасқа дейінгі бала күтімі бойынша төлемдерді ұлғайту мүмкіндігі қарастырылып жатыр».

Айта кетейік, бүгінгі таңда жұмыс істемейтін әйелдер бала 1 жасқа толғанға дейін ай сайын 18-23 мың теңге көлемінде жәрдемақы алады.

Бір реттік төлем көлемі – 38 АЕК. Ол барлық ата-аналарға табысына қарамастан, бірдей беріледі. Төртінші баладан бастап 63 АЕК төленеді.

Мөлдір Ибадуллаева